г. Костанай, Сибирская 50 +7-(7142)-28-44-26 priemnaya@it-ozat.edu.kz KZ RU EN
"Озат" мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты" КММ
Республикалық оқу семинары

«Озат» мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында Физика, химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды ғылыми жобалар конкурстарына дайындаудың құрылымдық-мазмұндық қызметі» атты республикалық оқу семинары басталды. Семинарға республикамыздың түкпір-түкпірінен жианлған мұғалімдер қатысуда. Аталмыш семинар “Дарын” республикалық ғылыми пратикалық орталығының қолдауымен өткізілуде. Республикалық оқу семинарының негізгі мақсаты Физика, химия, биология пәні мұғалімдерінің дарынды оқушылармен жұмысы кезіндегі құзыреттілігін арттыру мақсатынджа тәжірибе бөлісу болып табылады. Семинар спикерлері ретінде “Озат” МАТМЛИ ұстаздары мен дарынды оқушылары сонымен қатар А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ оқытушылары тәжірибелерімен бөліміп отыр. Республикалық оқу семинары 02-03.11.2023 аралығында өз жұмысын жалғастыратын болады.