г. Костанай, Сибирская 50 +7-(7142)-28-44-26 ozat_kst@mail.ru KZ RU EN
"Озат" мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты" КММ
Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ-сі 2022-2023 оқу жылына қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 7 сыныпқа келесі санаттар бойынша қосымша қабылдау жүргізеді:

– мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерлердегі отбасылардан шыққан балалар;

– ата-анасының біреуінің бірінші топтағы мүгедектігі бар балалар;

– мүгедектігі бар баласы бар немесе тәрбиелеп отырған отбасыларға;

– жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

– отбасында тұратын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

– төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;

– экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларға;

– мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларынан.

Квоталар саны – қазақ тілінде оқытатын 7 сыныпқа – 3 адам, орыс тілінде оқытатын сыныптарға – 5 адам.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 16 тамыздан 23 тамызға дейін.

Құжаттар тізімі:

1) баланың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің өтініші;

2) ЖСН көрсетілген баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) баланың оқу орнынан үміткердің электрондық мекенжайын көрсете отырып, ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;

4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;

5) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

Конкурсқа тіркелу көрсетілген сілтеме арқылы жүргізіледі

7-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:

– математика және логика – 55 сұрақ;

– оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;

– Қазақстан тарихы-10 сұрақ.

7-сыныпта тестілеуге бөлінген уақыт 120-ны құрайды (тест материалдарын таратуға, жауап парағының секторларын толтыруға, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарына көрсетілген уақытқа кірмейді).

Конкурс офф-лайн режимінде өтеді (тестілеу). Білім алушыларды қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғимаратқа, аудиторияға және конкурстық іріктеу өткізілетін орынға кіргізу үшін пайдаланылатын бейнебақылау және аудиожазба жүйелері орнатылады.Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.

Тесттің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптардың саны «4» (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір қате жауап «-1» коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы жиынтық есептеледі (4* дұрыс жауап + ( – ) * қате жауап= жалпы қорытынды балл).

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ-не оқуға үміткерлерді қабылдау бос орындарға сәйкес ең жоғары балл санынан жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш беру немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Үміткердің конкурстық іріктеу кезеңінде аудиториядағы тәртібінің қағидалары

1. Конкурстық іріктеуге үміткердің өзімен бірге: су (0,5 л.), көк немесе қара пастасы бар қаламсап болуы қажет.

2. Үміткер аудиторияда бөлінген орынды алады, аудитория бойынша кезекшінің нұсқауларын орындайды.

3. Тестілеу Ережелерде белгіленген уақытқа сәйкес үзіліссіз өтеді. Тестілеу кезінде аудиториядан бірінші және соңғы сағаттарда шығуға болмайды, қалған уақытта аудиториядан дәретханаға немесе медициналық кабинетке аудитория бойынша кезекшінің ертіп жүруімен шығуға рұқсат етіледі.

4. Бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, конкурстық материалдармен алмасуға, көшіруге, тыйым салынған заттарды: ұялы телефондарды, смартфондарды, планшеттерді және кез келген басқа техникалық құрылғыларды кіргізуге және пайдалануға болмайды. Осы ережелер бұзылған жағдайда үміткер тестілеуден шығарылады.

5. Үміткер өзін тәртіпті ұстайды және аудитория бойынша кезекшінің түсініктемелерін мұқият тыңдайды.

6. Тестілеу нәтижелері үміткерлердің жауап парақтарын өңдеу кезінде ғана алынады, сондықтан жауап парағы тек бір данада берілетінін, ауыстыруға жатпайтынын білу қажет. Жауап парағы-оның білімін растайтын жалғыз құжат.

7. Үміткер жауап парағын өте мұқият толтырады, қателіктер мен түзетулерге жол бермейді.

8. Егер үміткер белгіленген уақыттан бұрын тестілеуді аяқтаған болса, ол барлық конкурстық материалдарды аудитория бойынша кезекшіге тапсыра алады.

Парақшаны жүктеу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *