г. Костанай, Сибирская 50 +7-(7142)-28-44-26 priemnaya@it-ozat.edu.kz KZ RU EN
"Озат" мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты" КММ
«Ғалым, ағартушы – Елдес Омаров» атты тарих сағаты

«Ғалым, ағартушы – Елдес Омаров» атты тарих сағаты

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері қоғам қайраткері, публицист, ұстаз Елдес Омаровқа арналған кітапхананың жас оқырмандары үшін «Ғалым, ағартушы – Елдес Омаров» атты тарих сағатын өткізді.
Кітапханашы онын өмірбаянымен таныстырып, Елдес Омаровтың әлеуметтік саясат, білім және лингвистика мәселелеріне арналған көптеген мақалалардың, қазақ тіліндегі физика, геометрия оқулықтарының, қазақ мектептеріне арналған орыс тілі грамматикасы бойынша оқулықтардың авторы екенін атап өтті. «Беймәлім Алаш» деректі фильмі көрсетіліп, балалар «Елдес Омаров туралы» тақырыптық сөремен танысты.