г. Костанай, Сибирская 50 +7-(7142)-28-44-26 ozat_kst@mail.ru KZ RU EN
"Озат" мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты" КММ
Мектеп туралы

«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты 2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылған және облыс пен республикада білім берудегі технологиялық жаңғырту үшін қосымша сапалы серпінді қамтамасыз етуге арналған.

Негізгі назар ақпараттық технологияларды дамытуға арналған. Жас IT-маманын даярлау үшін бірыңғай тізбектелген жүйесі жасалған. Мектептегі сабақтар балаларда нақты ІТ-мамандықтар туралы, кейіннен тереңдетілген кәсіптік бағдар мүмкіндігімен айқын түсінік қалыптастыруына бағытталған.

Мектептің оқу жоспары вариативті бөлігінің тұлғалық-бағдарлы компоненті және үйірмелер қызметі  “Роботты техника”, “Веб-дизайн және бағдарламалау”, “3D модельдеу”, Олимпиадалық бағдарламалау”,” Киберспорт”,”Кино өнері” курстарын тереңінен үйренуге бағытталған.

 

Мектепте сапалы білім беруге барлық жағдай жасалған. Материалдық-техникалық базасы жаңа құрал-жабдықтармен жасақталған, оқу үдерісіне STEM (Science, Technology, Engineering, Math) кіріктірілген оқыту бағытымен халықаралық стандарттарға негізделген. Ерекше назар тілдерді дамыту, инженерия, бағдарламалау, роботты техника, 3D-модельдеуге  аударылған.

Мектепте оқыту 7-ші сыныптан жүргізіледі.  Оқушыларды іріктеу конкурстық негізізінде жүзеге асырылады.

 

Мектеп оқушылары облыстың барлық аймақтарынан:214 оқушы, 11 сынып-комплект, 5 сыныпта оқыту  мемлекеттік тілде.

 

Педагогикалық ұжым мектепте жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету және ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстарын жүргізу, жаңа білім беру және әдістемелік міндеттерді көру және оларды шешу тәсілдерін табу, қазіргі әлеуметтік-экономикалық кеңістікте өзін-өзі көрсету және өзін-өзі жүзеге асыру үшін кәсіби өсудің әдістемелік, мотивациялық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайларына ие.

 

 

Ақпараттық технологиялардың дамуына, педагогикалық ұжымның кәсіби өсуіне, оқушылардың сапалы білім алуына халықаралық ынтымақтастық ықпал етеді. Осылайша мектеп Челябі облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатымен, Қорған облыстық дарынды балаларға арналған лицей-интернатымен ынтымақтастық меморандумдарын жасасты.

 

Мектеп педагогтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Бір педагог  «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің , екеуі — «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері». Екі педагог «Қазақстан Республикасының 2015, 2020 жылғы үздік педагогы» атағының иесі

 

Оқу үрдісіне мұғалім ретінде оқушыларды, ата-аналарды және мектеп қонақтарын өздерінің коммуникациялық қабілеттерін көрсете отырып, ықыласпен қарсы алатын 2 сервистік Робот тартылған.

 

Балалар қызығушылықпен конструктор–квадракоптерді жинайды, мехатроника бойынша жиынтықтарды, 3D сканер және 3D принтерде бөлшектерді сканирлейді және басып шығарады,  ақылды үй үшін жону білдегінде бөлшектерді дайындайды және лазерлік-нақыш білдегінде нақыштар түсіреді.

 

Мектепте өзінің жеке киностудиясы бар, онда балалар фото және бейне түсірілім шеберлікке, монтаж жасауға үйренеді, кинематография саласындағы алғашқы қадамдарын жасайды. 

 

Мектеп гидропоника кабинетімен жабдықталған, онда оқушылар топырақсыз негізінде өсімдіктерді өсіреді. 

 

Киберспорт кабинетіне ерекше назар аударылады. Мұнда балаларды зейін қоюға, логикалық және стратегиялық ойлауға, командалық өзара іс-қимылға үйретеді. Ойыншылар командалары құрылған. Теориялық сабақтарда оқушылар кейіпкерлерді, олардың қабілеттеріне, тактикалық іс-әрекеттерге үйренеді.  Мектеп киберспорттық пәндер бойынша облыстық турнирлердің ұйымдастырушысы болып табылады.

 

Мектеп оқушылары Smart sity, ақылды тұрақ, аэропоника жобаларын жасай отырып, харверлік (цифрлық) стартаптарды құру бойынша жұмыс істей отырып, өз үлестерін қосады, көлік қозғалысы, тұрақ, жолдарды жарықтандыру кестесін қадағалай отырып, қала проблемаларын кешенді түрде шешеді.

 

Мектеп оқушылары өңірлік, республикалық, сондай-ақ халықаралық деңгейде IT-бағыттағы конкурстарға белсенді қатысады және жетекші орындарға ие болады. Бұл мультимедиялық жұмыстар, роботты техника фестивальдері, ғылыми жобалар конкурстары, олимпиадалар.

 

Мектеп оқушылары RoboLand 2019, Roboman 2019, Tech Cap фестивальдерінің алтын жүлдегерлері, Қорған қаласында өткен “Camp It” тақырыптық ауысымдар жобалары конкурсында Гран При және бірінші орын, республикалық ғылыми жобалар конкурсында және It саласындағы түрлі облыстық конкурстарда жүлделі орындар алғандар болып табылады.

 

Балаларға арналған жаңа заманауи жабдықтардан басқа, 200 орындық жатақхана да ұсынылған.

 

Өсу мен даму үшін қолайлы жағдайлар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың оқушыларына әртүрлі салаларда жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал күшті тілдік дайындық халықаралық конкурстарға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысуға және жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік береді.